Шапық Шөкіұлы Шөкин – Қазақстандағы энергетика ғылымының негізін қалаушы

Биыл көрнекті қазақ энергетигі, академик Шапық Шөкіұлы Шөкиннің туғанына 110 жыл.

Осыған орай Екібастұз ГРЭС-2-де станция қызметкерлерінің қатысуымен тарихи-биографиялық кеш өтті.

Шапық Шөкіұлы Шөкин 1912 жылы 1 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Шапық Шөкіұлы кеңестік және қазақстандық ғалым-энергетик.

Тарихи-биографиялық кешті өткізуге атсалысқан Солнечный кентінің №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз! “Қазақ энергетикасының атасы” атты кітап көрме жасап, оған шолу жасады.

Сонымен қоса, жуырда ғалымның туған жері Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында Шапық Шөкіұлы атындағы өлкетану музейі ашылды. Музейді ашуға дайындық 3 жыл бойы жүргізілді. Естелік ордасының салтанатты ашылуына академиктің ұрпақтары, ел сүйер ағайын, Екібастұз ГРЭС-2 станциясы өкілі де қатысты. Барлық жұмыскерлер атынан Шапық Шөкин атындағы музейдің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Біз, энергетиктер, көрнекті ғалымның жолын жалғастыруымыз керек – Электр энергетикасы саласын дамытуға өз үлесімізді қосуымыз керек деген ойдамыз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою