Холдинг қызметкерлерінің идеялары марапатталады

“Самұрық-Энерго” АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасы шеңберінде ұйымды тұрақты жақсартуға бағытталған қызметкерлердің қатысуын арттыру тетігі әзірленді. Компаниядағы процестердің тиімділігін арттыру бөлігінде бастамашылдығы, идеялар мен ұсыныстар бергені үшін сыйақылар көзделетін болады.

“Тұрақты жақсартулар процесін жетілдіру” іс-шарасын іске асырудың арқасында қызметкерлерге қоғам мен еншілес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстары бар өтінім берудің бірыңғай алгоритмі ұсынылатын болады. Холдингтің периметрінде іске асырылатын оң экономикалық әсері және сапалы пайдасы бар идеялар үшін бастамашыға ақшалай төлем көзделген.

Іс-шара “ЕГРЭС-1” ЖШС, “СЭГРЭС-2 “АҚ,” АлЭС “АҚ,” АЖК “АҚ,” Мойнақ ГЭС “АҚ және “Шардара ГЭС” АҚ сияқты ЕТҰ-ларды қамтиды.

Жобалық командамен идеяларды басқарудың бірыңғай процесі әзірленді, ол ішкі нормативтік құжаттың – “Самұрық-Энерго “АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің идеялары мен ұсыныстарымен жұмыс істеу жөніндегі қағидалардың” негізіне алынды.

Бірыңғай тәсіл әрбір ұсынысты беру және қарау процестерін оларды кейіннен енгізумен рәсімдеді. Сонымен қатар, іске асыруға қабылданған идеялар авторларының сыйақыларын есептеу әдістемесін қарастырады.

“Бастапқыда барлық ЕТҰ-ларда сапалы пайдасы бар идеялар үшін сыйақы төлеу көзделмеді, не тек еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық шешімдер мен ұсыныстар ғана қаралды. Алайда, жаңа құжат техникалық, әкімшілік-басқару салаларында, оның ішінде автоматтандыру және цифрландыру процестерін қолдана отырып, рационализаторлық ұсыныстар түсінігін кеңейтуге мүмкіндік береді”, – деп атап өтті іс-шара жетекшісі Әділ Кынатов.

Енді қаржылық қана емес, сонымен қатар сапалы пайдасы бар ұсыныстар үшін төлем ұсынылады.


Қоғамдық тындау өткізу хабарландыру

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы»АҚ «№3 ст. энергоблокты орнатумен Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру» жобасы бойынша «П» сатысындағы жобалық-сметалық құжаттаманы түзету бойынша БКБ форматында қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабардар етеді.
Карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты тыңдаулар 2021 жылдың 24 маусымында сағ.11.00-де бейне конференц байланыс форматында өтеді.
Сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/77920227610?pwd=dFJrS0JESFlmdWdOVnliaXdUME5sQT09
Конференция идентификаторы: 779 2022 7610 Кіру коды: wSfc4t

Электронды түрде материалдарды сұратуға болатын электрондық поштаның мекенжайы: Жеңіс алаңы, 5Б, тел. 32-93-79, temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz.

Жоба бойынша құжаттама www.tabigatpv.gov.kz gres2.kz сайтында орналастырылған.

Ескертпелер мен ұсыныстар мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қ., Академик Сәтбаев көшесі, 97-үй, «Инжиниринговая компания «КОТЭС КАЗАХСТАН» ЖШС, байланыс телефоны: 8(718-2) 61-41-10, (kotes@kotes.kz).

Жобаның Тапсырыс берушісі: «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ (тел: 8 (7187) 299-369, эл. мекенжайы: (gres2kz@gres2.kz).

ҚОӘБ жобасын әзірлеуші: «Инжиниринговая компания «КОТЭС КАЗАХСТАН» ЖШС, байланыс деректері: Павлодар қ., Академик Сәтбаев көшесі, 97-үй, тел.: 8(718-2) 61-41-10, (kotes@kotes.kz).

Экологиялық сараптама өткізу органы – «Мемсараптама» РМК.


«Менің анам-энергетик»

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында «Менің анам-энергетик» атты балалар қолөнерінің байқауы өтті. Жас таланттардың әсем жұмыстары ӘТК ғимаратының бірінші қабатында орналасты. Қолөнер бұйымдарын Басқарма төрағасы Владимир Асташов және Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Ақмарал Сейдигалиева бағалады. Бағалау кезінде әр шығарманы безендірудің шығармашылық тәсілі мен эстетикасы атап өтілді.
Байқауға станция қызметкерлерінің 5-тен 16 жасқа дейінгі балалары қатысып, орындар келесідей бөлінді:
1-орын (5 жастан 8 жасқа дейін) – Тишь Руслан, 8 жас
2-орын (5 жастан 8 жасқа дейін) – Қурмангалинова Томирис, 6 жас
3-орын ( 5 жастан 8 жасқа дейін) – Жолдаспаева Айзада, 5 жас
1- орын (9 жастан 12 жасқа дейін)- Мухамеджанова Айлина, 9 жас
2- орын (9 жастан 12 жасқа дейін)- Нефедкина Ангелина, 12 жас
3- орын (9 жастан 12 жасқа дейін)- Пардабаева Гульназ, 12 жас
1- орын (13 жастан 16 жасқа дейін)- Әнуарбек Аружан, 13 жас
2- орын (13 жастан 16 жасқа дейін)- Жолдаспаева Айдана, 15 жас
3- орын (13 жастан 16 жасқа дейін)- Сергалиев Даулет, 13 жас.


Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Қымбатты инстадостар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Жаңа 2021 жыл сіздер үшін жаңа идеялардың, маңызды оқиғалар мен жақсы өзгерістердің бақытты кезеңі болсын.
Барлық бастамаларыңызға табыс, зор денсаулық, амандық және молшылық тілейміз!


2020 жылдың қарашасында Екібастұз ГРЭС-2 станциясы 680 415 мың кВтч электр энергиясын өндірді.

Энергоблоктардың жұмыс уақыты 720 сағатты құрады. Бірде бір техникалық бас тартуға жол берілген жоқ. Бір айдағы орташа жүктеме 945,02 МВт құрады. Бұл энергия блоктарын пайдалануға берілген сәттен бастап орташа айлық жұмыс қуаты бойынша абсолютті рекорд болып табылады.


Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ардагерлер, аға буын энергетиктері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз! Бұл күні біз сіздерге – бас тәлімгерлерімізге, Қазақстанның энергетика саласының құрылысшыларына ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бүгінде, зейнеттік демалыста болғандарыңызға қарамастан, сіздер барлық білім мен тәжірибелеріңізді жас ұрпаққа беруге дайынсыздар. Біз үшін бұл баға жетпес қазына. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз! Әрдайым бейбітшілік, жақсылық және келісім болсын!


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қымбатты достар!
Сіздерді достықтың, бірлік пен жасампаздықтың белгісі болып табылатын
1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке елімізде тұратын барлық этностардың бауырластығының мерекесі.
Бірліктің арқасында біз көпұлтты еліміздің бейбіт өмірінің куәсі болып табыламыз.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне тілектеспіз!


«Біздің Отанымыз-Қазақстан!» фотобайқауы

Екібастұз МАЭС-2 станциясында «Біздің Отанымыз-Қазақстан!» атты Наурыз мейрамына арналған фотобайқауы өтті. Тақырыптық фотосуреттер ӘТК ғимаратының екінші қабатында орналасқан фотокөрмені безендірді. Іс-шараның басты мақсаты- қызметкерлердің шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, кәсіпорынның қоғамдық өмірінде шығармашылық белсенділікті, бастамашылдықты дамыту болды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды – «Балалар- бұл бақыт! Балалар- бұл балғын жел! Балалар- еліміздің болашағы!» атты жұмыспен, ААЖУ шебері Бақыт Қаржаубаева жеңіп алды.
ІІ орын «Ару қыз» атты жұмыспен ҚТС және ДК цехының шебері Бекрахмет Садықовқа бұйырды.
ІІІ орынмен, әрдайым әріптестерін ерекше фотосуреттермен қуантатын, ҚҚ және ЕҚ жетекші инженер- энергетигі Татьяна Подыма ие болды. Ол «Біздің Отанымыз- Екібастұз МАЭС-2» атты жұмысын ұсынды.
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


«Біз біргеміз!» науқаны

Екібастұз МАЭС-2 станциясы «Біз біргеміз!» акциясына қолдау көрсетті.
Акция аясында “Екібастұз МАЭС-2 станциясы” АҚ-ның жұмысшылары Солнечный кентінің әкімдігімен бірігіп Абай алаңының аумағында қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою