Екібастұз ГРЭС-2-нің түтін мұржасы бойынша мәселеге түсінік беру.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Екібастұз ГРЭС-2 түтін мұржасының жағдайы туралы жалған ақпарат таратылуда.
Пост авторлары пайдаланатын бейнероликті 2017 жылы мердігер ұйымның қызметкері Екібастұз ГРЭС-2-нің түтін мұржасына қызмет көрсету алаңын жоспарлы тазалау барысында түсіріп, YouTube желісіне орналастырған, яғни бейнеролик 4 жылдан астам уақыт бұрын түсірілген. Айта кетерлігі, қызметтік ақпаратты рұқсатсыз жариялағаны үшін 2017 жылы Екібастұз ГРЭС-2 мердігерге талап-арыз жолдаған және қолда бар ақпарат бойынша қызметкерге қатысты тәртіптік жазалау шаралары қабылданған.
Тұтастай алғанда, түтін мұржасын тексеру және жөндеу жұмыстары уақтылы орындалады. 2014 жылы мұржаның техникалық жағдайы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша 2017 жылы қызмет көрсету алаңдарын қалпына келтіру, сыртқы жарықтандыру және түтін мұржасының ақаулы учаскелерін бетондау жұмыстары орындалды. 2021 жылы құбырдың шойын басы және найзағайдан қорғау құрылғысы 100% қалпына келтірілді.
Осылайша, ГРЭС-2 мұржасының нашар жағдайы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Екібастұз ГРЭС-2 жалған ақпарат таратпауды және түсініктеме алу үшін ЕГРЭС-2-нің баспасөз -қызметіне жүгінуді сұрайды.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
Баспасөз – қызметі


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою