Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Солнечный кентінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Абай атындағы алаңда ГРЭС-2 және Солнечный кентінің киіз үйлері тігіліп, әр киіз үйге келген ұлттық тағамдардан дәм татып, қызықты ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. Мерекелік іс-шара барысында қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, тақырыптық сахналық көріністер мен ұлттық сал дәстүрлер көрсетілді. Кент әкімі Нұрберген Сейлханов пен Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалымбек Ауталипов аймақ тұрғындарын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Одан бөлек, аланда жәрменке ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері орналастырды. Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз – салауатты өмірдің салтанаты. Наурыз – қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат-Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Ендеше, төрлет, елімізге құт дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою