«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметкерлерімен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – да Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оның барысында акционерлердің өкілдері, тәуелсіз директорлар және станция басшылығы бірқатар маңызды мәселелерді, соның ішінде: өндірістік-қаржылық көрсеткіштердің ағымдағы мәртебесін, жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын талқылады, кәсіпорындағы еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттану жағдайы туралы есепті, тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті және т. б. тыңдады.

Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінің негізгі тармақтарының бірі- үшінші энергоблогын орнатуды қарастыратын «Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру» жобасын іске асыру барысы туралы мәселе болып табылады. Директорлар кеңесінің мүшелері жобаны іске асырудың оң динамикасын атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Директорлар кеңесі, Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлының төрағалығымен станцияның жұмысымен, оның ішінде машина цехымен, блоктық басқару қалқанымен, емдеу-профилактикалық қызметімен, сондай-ақ Солнечный кентінің әлеуметтік-мәдени объектілерімен танысты. Станцияның емдеу-профилактикалық қызметі заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталғанын және кәсіпорын аумағында ұйымдастырылған, өңірдегі ең үздік қызметтердің бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ, делегация үшінші энергоблок жобасын іске асыруға арналған құрылыс алаңына барып, жоба шеңберінде келіп түскен жабдықтарды сақтау шарттарымен танысты.

Отырыс қорытындылары бойынша, Директорлар кеңесі күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша оң шешім қабылдады. Сонымен қатар, кадрлық әлеуетті пайдалану тиімділігін және сабақтастықты жоспарлау практикасын арттыру мақсатында Екібастұз ГРЭС-2 кадрлық резервінің қызметкерлерімен Директорлар кеңесінің  кездесуі өткізілді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою