Журналистер Екібастұз Энергия кешенінің инвестициялық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты

Бүгінде Екібастұз ГРЭС-2-де белгіленген жиынтық қуаты 1000 МВт екі энергоблогы жұмыс істейді. Станцияны кеңейту бойынша жоспарлар бұрында да талқыланған, бірақ нақты жұмыстар 2019 жылғы желтоқсанда “Самұрық-Қазына” АҚ ресейлік “Интер РАО” ЖАҚ-тан станция акцияларының 50% үлесін сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін басталды.

2020 жылы  Екібастұз  ГРЭС-2  Директорлар Кеңесі №3 энергоблогын салу жобасын іске асыруды қайта бастау туралы шешім қабылдады. Оның жоспарланған қуаты – 636 МВт. 2020 жылдың шілде айынан бастап ЖСҚ түзетілуде.

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолланың айтуынша, қазіргі уақытта энергоблоктың құрылыс алаңына 11 мың тоннадан астам жабдық жеткізілген.

“2020 және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңінде жобаны іске асыру шеңберінде дайындық жұмыстарының кең спектрі – қаржылық және техникалық аудит, кредиттік міндеттемелерді қайта қаржыландыру және жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге шарт жасасу орындалды”, – деп атап өтті Дәурен Сағидолла.

Бұл жобаны аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр. “Самұрық-Энерго” АҚ өндіріс және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Серік Төтебаев атап өткендей, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысының арқасында 2023 жылы 1700-ге жуық және оны пайдалану кезеңінде 300-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

“Самұрық-Энерго” АҚ ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер Екібастұз энергия кешенінің нысандарын аралап, инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

БАҚ өкілдері “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС-да болды, онда бүгінгі күні станцияның 8 энергоблогының соңғысы қалпына келтірілуде, оның белгіленген қуаты 4000 МВт.

Сондай-ақ, журналистер “Богатырь Көмір “ЖШС жүзеге асыратын «Богатырь кешенінде көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы”жобасымен танысты. Оның мақсаты өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсарту, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру және көмір өндірудің өзіндік құнын төмендету. Жобаны 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда, содан кейін “Богатырь Көмір” ЖШС өндірістік қуаты жылына қазіргі 42 млн. тоннадан 50 млн. тоннаға дейін өседі.

“Қазақстанда электр энергиясын тұтыну өсімінің жоғары қарқынының қалыптасқан жағдайында осы жобаларды табысты іске асыру электр қуатының резервтерін құру есебінен тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін едәуір арттырады”, – деп атап өтті” Самұрық-Энерго “АҚ өндіріс  және активтерді  басқару жөніндегі Басқарушы директоры,” ЕГРЭС-2 ст. ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Серік Төтебаев сұхбатында.

Айта кетейік, “Самұрық-Энерго” АҚ – Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг, оның 100% акциясы “Самұрық-Қазына “ҰӘҚ” АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, соның ішінде “Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ, “Богатырь Көмір”  ЖШС, “Алматы электр станциялары” АҚ, “Мойнақ ГЭС” АҚ, “Шардара ГЭС” АҚ және т. б. кіреді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою