Екібастұз ГРЭС-2 станциясы электр энергиясын өндіруде рекорд орнатты.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында электр энергиясын өндірудің рекордтық көлемі тіркелді.
2021 жылғы 27 желтоқсанда өндіру көлемі 6,324 млрд. кВтсағ. құрады, бұл электр станциясының жұмыс істеу кезіндегі абсолюттік рекорд болып табылады. Осыған дейін 6,280 млрд. кВтс. мөлшеріндегі ең жоғары көрсеткіш 2013 жылы тіркелген болатын.
Осы Екібастұз ГРЭС нысандары құрамына енетін «Самұрық-Энерго» АҚ-да атап өткендей, аталған электр станциялары қызметінің құрылған күнінен бастағандағы барлық кезеңіне шолу жасағанда, нақ ағымдағы жылы барынша көп өнім өндіруге қол жеткізді. Қазақстанның ірі электр энергетикалық холдингінің электр станциялары бұрын-соңды мұндай өндіріс көрсеткіштеріне қол жеткізбеген болатын. Мамандардың айтуынша, рекордтық көрсеткіштерге Жамбыл ГРЭС-і мен Ақтөбе ЖЭО-ның қатысуынсыз қол жеткізілді, олар 2015 және 2018 жылдары холдинг құрамынан шығарылып, бәсекелес ортаға берілген болатын.
Тұтастай алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктерінің болжамы бойынша компанияның барлық өндіруші станциялары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылдың соңына қарай 35 525 млрд.кВтс жетіп, 111% – ды құрамақ.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою