«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ “Nur Otan” партиясы бастауыш партия ұйымының “Твори добро” бастамашыл тобы желтоқсан айының қорытындысын шығарды.

Ұжым Екібастұз өңірінің мерекелік іс-шараларын өткізуге белсене қатысқан болатын.
Бірнеше жыл бойы “Твори добро” бастамашыл тобы барлық мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек және жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
“Твори добро” тобы мерекелік нөмірлерді таңдауға аса көп көңіл бөлетінің атап өткен жөн, себебі мерекелік концерт-бұл өз сезімдерін, эмоцияларын және көңіл-күйін білдіру тәсілі, оны олар басқалармен қуана-қуана бөліседі.
Топ мүшелерінің айтуынша, әрбір осындай кездесу олар үшін нағыз мереке.
“Твори добро” ұжымы барлығын келе жатқан Жаңа Жылмен және Рождествомен құттықтайды, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді. Келесі жыл жемісті және табысты болсын!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою