Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Аяз атасы мен Ақшақары жаңа жылдық сыйлықтар табыстады

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Аяз атасы мен Ақшақары Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолланың бастамасымен Солнечный кентінің жалғыз тұратын зейнеткерлеріне жаңа жылдық сыйлықтар табыстай отырып, өздерінің мерекелік саяхатын аяқтады.

Жыл сайынғы қарт адамдарға, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жандарға назар аудару дәстүрі үзілген жоқ.

– Жаңа жыл – балалар ғана емес, ересектер де асыға күтетін сиқыр мерекесі. Біз жыл сайын осы сиқырдың туындысына қатысқанымызға өте қуаныштымыз, – дейді Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолла.

Баршаңызға өмірде көп ғажайыптар тілейміз!✨


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою