Екібастұз қаласы кәсіпорындары арасында шағын футболдан достық турнирі

Өткен демалыс күндері Екібастұз қаласында «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС кәсіподақ ұйымының 10 жылдығына арналған қала кәсіпорындары арасында шағын футболдан достық турнир өтті.
Турнирде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ атынан 2 команда қатысты: 35 жасқа дейінгі жастар құрамасы және 35+ командасы.
Жасыбай спорт кешенінің алаңын ойыншылардың ата-аналары, балалары мен достары толтырды. Командалардың әрқайсысы жеңіске жетуге ұмтылғандықтан, турнир қарқынды күресте өтті.

ГРЭС-1 кәсіподақ ұйымын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз және кәсіби даму мен шығармашылық табыстар тілейміз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою