ГРЭС-2 жұмыскерлері ауыл тұрғындарын қарттар күнімен құттықтады

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ның “Твори добро” бастамашыл тобының  Екібастұз өңірінің ауылдарында өткізген мерекелік іс-шаралары  аяқталды.

Қарттар күніне орай қалалық көркемөнерпаздар ұжымдары Екібастұз өңірінің ауылдарында концерттер өткізді. Екібастұз ГРЭС-2 “Твори добро”  бастамашыл тобы Екібастұз “Достық үйі”, Солнечный кентінің “Мақпал” МҮ, қалалық ардагерлер клубының халық хоры өкілдерімен бірлесіп, Құлакөл, Ақкөл, Төртқұдық, Бесқауға және Солнечный ауылдарында өнер көрсетті.

“Көрермендер бізді әдеттегідей жылы қабылдады”, – деп өз әсерімен бөлісті ГРЭС-2 қызметкері, “Твори добро” ұжымының қатысушысы Наталья Плахина.

Ауыл көрермендері үшін шығармашылық ұжымдар өздерінің үздік музыкалық нөмірлерін орындады. Қарт адамдар өнер көрсетушілермен бірге ән және күлдіргі  өлеңдер айтып, әңгімелесіп, би билеп, конкурстарға қатысты. Әуесқой әртістердің айтуынша, әрбір осындай кездесу олар үшін нағыз мереке.

“Іс-шараның мақсаты ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен этномәдениетін сақтау. Жастар арасында рухани құндылық, қарт адамдарға құрмет көрсету, оларды бағалай білу сияқты ұғымдарды дамыту. Жыл сайын мереке қарсаңында лайықты, дана, құрметті, бәріне қарамастан, тұрақты және шыдамды жандарға концерт беру – бұл жақсы дәстүрге айналды!”,- деді Наталья Плахина сұхбатында.

Концерт өткен ауылдық округ әкімдері қарттар атына құттықтау сөз сөйледі. Шығармашылық ұжымдардың қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды. Аталған іс-шарада Екібастұз ГРЭС-2 өкілдерін “Nur Otan” БПҰ мен станция басшылығы қолдау көрсетті.

Айта кетейік, станцияда “Твори добро” бастамашыл тобы 6 жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінде ол 17 адамды біріктіреді, олардың арасында ГРЭС-2 қызметкерлері мен олардың балалары да бар.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою