«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Алмас Ақыловтың басшылығымен делегация Екібастұз ГРЭС-2 активтерді (қорларды) қабылдау, сақтау, есепке алу және есептен шығару саласында қалай жұмыс істейтіндігімен танысты. Бұл компания «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ холдинг компанияларының сатып алуын мониторингілеу, талдау және жетілдіру саласындағы уәкілетті органы болып табылады.
Станцияны аралау барысында «Самұрық-Қазына-Контракт» ЖШС өкілдері активтерді қабылдау, сақтау, есепке алу және есептен шығару саласындағы жұмыстарға жоғары баға берді. Алмас Ақылов «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жауапты тұлғаларына осы бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берген болатын.
Айта кетейік, станция және «Самұрық-Қазына Контракт» акционерлері өкілдерінің сапары 2021 жылғы 21 қазанда «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ мен оның ЕТҰ өтімсіз қорлары мен талап етілмеген өтімді қорларын сату қағидаларын әзірлеу шеңберінде өтті.