Қазіргі уақытта Екібастұз ГРЭС-2-де мақсаты қызметкерлерді марапаттаудың тиімді жүйесімен идеялар мен ұсыныстарды іздеу және талдау процесін әзірлеу және енгізу арқылы Қоғамның барлық қызметкерлерін тұрақты жақсартулар процестеріне тарту болып табылатын “Тұрақты жақсартулар процесін жетілдіру” SKE-07.04.М процесі енгізілді.
Бүгінгі таңда “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ-да 20-дан астам ұсыныс рационализаторлық деп танылды, олар бойынша көтермелеу сомасы 4 млн.теңгеден асты.
Егер сізде бар проблемаларды шешуге, технологиялық процестерді жақсартуға немесе Қоғамдағы шығындарды азайтуға бағытталған ұсыныстар мен идеялар болса – “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ идеяларды басқару процесінің үйлестірушісі А.В. Сайфутдиновқа жүгіну қажет.