Күрделі құрылыс басқармасының кеңсе – менеджері

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, “Кеңсе-менеджер” бағыты бойынша қосымша даярлау (курстар, сыныптар), әкімшілік жұмыс тәжірибесі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Жұмыс бағыты: КҚБ құжаттамасын орыс тілінен ағылшын/қытай тіліне және ағылшын/қытай тілінен орыс тіліне аударуды, сондай-ақ ілеспе аударманы жүзеге асыру; кездесулерді, қабылдауларды, келушілерді, қонақтарды, делегацияларды, клиенттерді, серіктестерді тіркеу және оларға қажетті қызмет көрсетуді, визит карточкаларын қабылдауды, олардың мазмұнын талдауды, оларды сақтауды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.келіссөздерді, тұсаукесерлерді, кеңестерді, конференцияларды, семинарларды және өзге де іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу (іс қағаздарын жүргізу стандарттарына сәйкес құжаттаманы ресімдеу, тіркеу, сақтау және алу), КҚБ құжат айналымын ұйымдастыру; өз қызметі шеңберінде Қоғамда қабылданған заңнаманың, халықаралық МЖС стандарттарының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау.

Қосымша ақпарат: шет тілдерін білу (қытай, ағылшын). Кеңсе-менеджері шетелдік фирмалармен ынтымақтастықты, шетелдік фирмалар өкілдерінің ұйымдардың мамандарымен тікелей байланысын жүзеге асыру процесінде, қажет болған жағдайда ілеспе аударманы жүргізе отырып, ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа мәтіндерді аударуға  міндетті.

Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: VLunyakov@gres2.kz және байланыс телефоны: 8 (7187) 227510 (ішкі.706)


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою