Көктемнің тамаша мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында айықты демалыста жүрген энергетик-ардагерлерді құттықтады

Көктемнің тамаша мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Екібастұз ГРЭС-2 басшылығы жастар активімен бірлесіп, лайықты демалыста жүрген энергетик-ардагерлерді құттықтады💐

Басқарма төрағасының жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гаухар Нұғманова сыйлықтарды өз қолымен табыс етіп, станцияның қалыптасуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.
«Энергетик ардагерлерімізді осы жарқын көктем мерекесімен құттықтап, құрмет көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Олар бізбен әңгімелесіп станциядағы жұмыс жылдарын еске алды. Әрқайсысының станциядағы жұмыс өтілі 30 жылдан асатынын атап өткім келеді», – деп бөлісті Гаухар Нұғманова.
Әжелер алғыс сөздерін білдіріп, мұндай назар олар үшін өте құнды екенін атап өтті.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою