«Miss Energy-2024»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да «Miss Energy-2024» байқауы өтті.
Бір ай бойы станция қызметкерлері конкурсқа қатысуға дайындалды. Міне, 6 наурыз күні Солнечный кентінің «Мақпал» МҮ сахнасында көптен күткен финал өтті. Әр финалистің қойылымы шоуға айналды. Әрбір шығармашылық нөмір ең жоғары мақтауға лайық болды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
? «Miss Energy-2024» атағы – Нұрғазинова Агиян,
химиялық цехтың инженер-зертханашысы.
? «I Вице-Мисс Energy — 2024» — Тасболатова Әйгерім, өндірістік және қызметтік үй-жайларды тазалаушы.
? «II Вице-Мисс Energy-2024» — Шәріпова Сымбат, емдеу-алдын алу қызметінің медбикесі.

Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Осы кеште Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері үшін ғана емес, сонымен қатар Солнечный кентінің барлық тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мереке өтті.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою