Күрделі құрылыс басқармасының бастығы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ  Күрделі  құрылыс  басқармасының  бастығы  бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және күрделі құрылыс саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Жұмыс бағыты: бекітілген жоспарларға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Жобаны іске асыру шеңберінде 3-ші энергоблок объектілерінің құрылысын ұйымдастыру және үйлестіру; өндірістік қуаттарды және құрылысы аяқталған объектілерді жобалау және салу ұзақтығының нормаларына сәйкес белгіленген мерзімде пайдалануға уақтылы беруді қамтамасыз ету; құрылысы аяқталған объектілер мен өндірістік қуаттарды пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру; аяқталмаған құрылыс көлемін қысқарту және ұтымды техникалық шешімдерді қолдану есебінен Қоғамның инвестициялық қаражатын үнемдеу; жұмыстың орындалу сапасын бақылауды қамтамасыз ете отырып, күрделі құрылысты басқару персоналының жұмысын басқару; өз қызметі шеңберінде қоғамда қабылданған БМЖ халықаралық стандарттары мен ішкі нормативтік құжаттар талаптарын сақтау.

Қосымша ақпарат:  С деңгейінен төмен емес растайтын сертификаты бар IPMA (International Project Management Association) жобасының сертификатталған менеджері болуы тиіс.

Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: VLunyakov@gres2.kz және байланыс телефоны:

8 (7187) 227510 (ішкі.706)


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою