ХАБАРЛАНДЫРУ
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы ішкі және ақпараттық қауіпсіздік тобының жетекші маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: Қоғамның ішкі және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түйіндемені «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: MTakabaev@gres2.kz және байланыс телефоны: 8 (7187) 227510 (ішкі.401)