Энергетиктер денсаулығын сақтауда

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ емдеу -профилактикалық қызметінің лор- дәрігері  Шолпан Талипова 15 жылға жуық уақыт энергетиктердің денсаулығын сақтау барысында еңбек етіп келеді.

Ол 1961 жылы 17 мамырда Баянауыл кентінде дүниеге келген. Әкесі есепші болып жұмыс істеді, анасы үй шаруашылығымен айналысты. Шолпан Болатқызы-9 баланың үлкені. Ол мектеп бітіру аттестатын 1978 жылы алды. Алдымен Павлодар медициналық училищесін “фельдшер” мамандығы бойынша бітірді, содан кейін 1984 жылы Семей медициналық институтына оқуға түсті.

– Дәрігер болуды өзім шештім, бәрі жүректің қалауымен болды, Мен өз мақсатыма табанды түрде жеттім, таңдауыма ешқашан өкінбедім, – деп бөліседі бізбен сұхбатымыздың кейіпкері.

ЖОО Шолпан Болатқызы 1990 жылы бітірді. Бөлу бойынша Павлодарға бардым, интернатураны екінші қалалық ауруханада өтті. 1991 жылы туған өлкесіне оралып, Баянауыл аудандық орталық ауруханасына лор –дәрігер болып орналасты. Тұрмысқа шықты. Кейін Лебяжі ауданының Восточное (қазіргі Баймолдин атындағы) ауылында (қазіргі Аққулы) 10 жылға жуық еңбек етті. 2003 жылы отбасымен Екібастұзға көшіп келген. 5 жыл №2 емханада еңбек етті. 2008 жылы оны ГРЭС-2 емдеу-профилактикалық  қызметінің сол кездегі меңгерушісі жұмысқа шақырды. Содан бері дәрігер Шолпан Болатқызы  станцияда жұмыс істейді және өзінің кәсіби мерекесімен қатар энергетиктер күнін де атап өтеді.

Шолпан Болатқызы-өте тәжірибелі және сауатты медицина қызметкері: ол оқу кезінде де жұмыс істеді, американдық профессор Дэвид Кутердің, отандық профессор Дамили Нугманованың дәрістерін тыңдады, ауылдық жерлерде үлкен тәжірибеге ие. Сондықтан пациенттерді лор ретінде ғана емес, жалпы практик дәрігер ретінде де қарайды. ГРЭС-2 қызметкерлері оның жұмысына риза: рахметтерін айтып, тіпті туыстарын емдеп беруді сұрайды.

Біздің кейіпкеріміздің анасы Баянауылда тұрады. Шолпан Болатқызының жолдасы Екібастұз кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейді, олардың екі қызы бар: кенжесі астанадағы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істейді, үлкен қызы да мемлекеттік қызметкер, Павлодар қаласында тұрады. Екі немересі өсіп келеді.

Шолпан Талипова оқып, би билегенді ұнатады. Ол сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанады және әлі де шаңғы тебеді. Жерлестеріне ол вакцинациялауға және ревакцинация рәсімінен өтуге кеңес береді. Тек осылай ғана, оның пікірінше, біз коронавирусты тезірек жеңе аламыз.

– Әйелдерге гүл сыйлаңыздар, – дейді Шолпан Болатқызы біздің ер азаматтарымызға. Біздің азаматтарымыз  адамзаттың нәзік жандары әйелдерге жақсы және сенімді тірек болсын!

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою