Жарық сыйлаушы!

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Халықаралық әйелдер күніне орай аруларға арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалымбек Ауталипов өз құттықтауында:
– “Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, ортақ ісімізге деген адалдық және кәсібилік үшін алғысымды білдіремін!
Жақсылық пен амандық тілей отырып, станцияның кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәуле Галеева сөз сөйледі.
Корпоративтік іс-шарада станцияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің ханымдары алғыс хаттармен марапатталды.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою