Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау) және 2-санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, не энергетикадағы жұмыс өтілі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
Жұмыс бағыты: Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік, құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: MBaytemirov@gres2.kz «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасына және 8(7187) 227510(ішкі 353) телефоны бойынша хабарласу.