Павлодар облысының Солнечный кентінде, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ аумағында, Шандаксор көлі маңында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – табиғи ресурстарды, соның ішінде су нысандарын сақтау, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу.
Акцияға Павлодар облысында орналасқан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері қатысты. Олар көлдің жағалау аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, өңірдің экожүйесін сақтауға және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға өз үлестерін қосты.
Қатысушылар жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосты.