Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Солнечный кентінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай атындағы алаңда Екібастұз ГРЭС-2 станциясы және Солнечный кентінің киіз үйлері тігіліп, әр киіз үйге келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қызықты ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады.

Мерекелік іс-шара барысында қазақша күрес, асық ату, гір көтеру, қол күресі, қошқар көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, тақырыптық сахналық көріністер мен ұлттық салт дәстүрлер көрсетілді.

Одан бөлек, алаңда жәрменке ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері орналастырды.

Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз – салауатты өмірдің салтанаты. Ендеше, төрлет, елімізге құт дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою