экономикалық – жоспарлау бөлімінің бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі  және мамандығы бойынша жұмыс өтілі (жоспарлау, экономика, қаржы саласында) кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: Қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау; өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық талдау және бақылау; уәкілетті органға  тарифтерді бекіту және белгіленген есептілікті ұсыну үшін материалдарды дайындау бойынша бақылауды жүзеге асыру; реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша Қоғамның кірістерінің, шығындарының және қолданысқа енгізілген активтерінің бөлек есебін жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Түйіндеме  мен  Дипломның  көшірмесін  “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ-ға  жарияланған күнінен бастап үш күннен кешіктірмей электрондық мекенжайға жіберсін: GAtymtaeva@gres2.kz және  8 (7187) 227510 (ішкі.337) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою