Жедел байланыс желісі
«ГРЭС-2» АҚ «Жедел желі» – заңды және/немесе Әдеп кодексін күдікті бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлауға арналған арна екенін хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «ГРЭС-2» АҚ басшылығына ресми сауалдар алу үшін тұтынушыларды қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс


Данияр Қайратұлы Хамитов,
«ГРЭС-2» АҚ компаленс-офицері
Комплаенс
Табысты және орнықты компания сенімге негізделеді. Акционерлер, инвесторлар мен серіктестер үшін компанияның адал, ашық және жауапты бизнес жүргізуі маңызды. Осыған байланысты «ГРЭС-2» АҚ өз қызметін халықаралық үздік комплаенс-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және адал іскерлік қағидаттарды сақтауға ерекше мән береді.
«ГРЭС-2» АҚ Комплаенс-офицері тәуелсіз тұлға болып табылады және ұйымдық тұрғыда Директорлар кеңесіне бағынады әрі функционалдық есептілік жүргізеді. Қызметтің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу.
Қызметтің міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторингтеу, оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу, іскерлік әдеп қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «ГРЭС-2» АҚ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру кіреді.
Компанияның ішкі рәсімдерінің халықаралық стандарттарға және ұлттық реттеуші талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Негізгі назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, комплаенс саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге және адал әрі жауапты бизнес жүргізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
“ЕГРЭС-2 ст.”АҚ комплаесн-офицері туралы ереже
“ЕГРЭС-2 ст.”АҚ Бастамашылық ақпараттандыру саясаты
“ЕГРЭС-2 ст.”АҚ Комплаенс тәуекелді басқару саясаты
“ЕГРЭС-2 ст.”АҚ Мінез-құлық кодексі