Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін, үміттерін, ұсыныстары мен пікірлерін ескеру Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тиімділігін үнемі жақсартуға тырысады.
Өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында біз Кері байланыс мониторингін ендірдік, бұл бізге «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобындағы барлық мүдделі тараптардың шағымдары мен ұсыныстарына жауап қайтаруға мүмкіндік береді.
Ол үшін біз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша мынадай байланыс арналарын ұйымдастырдық:
- – Жедел желі – https://www.samruk-energy.kz/ru/hotline;
- – Кері байланыс – https://www.samruk-energy.kz/ru/feedback-all ;
- – Сайтта көрсетілген байланыстар – https://www.samruk-energy.kz/ru/company/contact.
Түскен сұрақтарды талдау нәтижелері Директорлар кеңесінің қарауына беріледі. Шағымдар мен ұсыныстарға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметін жақсарту бойынша шаралар әзірленуде.
Бұл өтініштер қозғалатын аспектілерді, ең көп өтініш түскен аймақтарды, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына жүгінген адамдардың санаттарын, өтініштер тақырыбы бойынша статистиканы және шағымдарды талдау бойынша талданды. Әр шағымға санат берілді