ТМД еңбек сіңірген энергетигі

ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ жөндеу жөніндегі бас инженері Серікбай Мұстафинұлы Жалиев болып табылады.

Ол Ресейдің Орынбор облысынан шыққан. 1957 жылы 18 сәуірде Адамов ауданы Қоскөл кентінің “Майский” совхозында дүниеге келді. Алдымен туған өлкелерінде техникумды, содан кейін сырттай атақты Алматы энергетикалық институтын “Жылу энергетикасы” мамандығы бойынша бітірді. Екібастұзға 1983 жылы комсомол жолдамасымен келді. Еңбек жолын ГРЭС-1 орталықтандырылған жөндеу цехында (ОЖЦ) 4-разрядты слесарь болып бастады. 1986 жылы шебер, 1989 жылы аға шебер, 1990 жылы ОЖЦ  бастығының арматура мен құбырларды жөндеу жөніндегі орынбасары болды. 1994 жылы ол жаңадан құрылған арматура мен құбырларды жөндеу цехының бастығы болып тағайындалды. Онда ол 1998 жылға дейін жұмыс істеді. 1998 жылдан 2003 жылға дейін ЖЭО-да жұмыс істеді, онда шеберден ҚТЦ жөндеу цехы (қазандық турбиналық цех) бастығының орынбасарына дейін өтті. 2003 жылдан бастап ГРЭС-2-де жұмыс істейді. Алдымен жөндеу және күрделі құрылысты дайындау басқармасының жетекші инженері қызметін атқарды. Сол 2003 жылдың қазан айында ол жаңадан құрылған гидротехникалық құрылымдар және жерасты коммуникациялары цехы бастығының орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2010 жылдың маусымына дейін қызмет етті. Содан кейін Екібастұз ГРЭС-2 жөндеу жөніндегі бас инженері болды, ол осы күнге  сол лауазымда  жұмыс істейді.

Серікбай Мұстафинұлы үшінші энергоблоктың іргетасын қалауға қатысты. Биыл ол энергетика саласындағы жұмыстың 40 жылдығын және “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ-да еңбек қызметінің 20 жылдығын атап өтеді.Көп жылғы адал еңбегі үшін Серікбай Мұстафинұлы құрмет грамоталарымен, “KAZENERGY”, “ГОЭЛРОҒА 100 жыл”, “Еңбек ардагері” медальдарымен марапатталды, оның фотосуреті кәсіпорынның Құрмет тақтасын безендірді.

ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигінің   оқушылары, ізбасарлары, істі жалғастырушылары көп. Олардың ішінде “ЕЭК” АҚ-ның қазіргі президенті Дүйсен Мерғалиевті, Алматы САЭМ (Средазэнергомонтаж) бас инженері Қайрат Отарбаевты және т. б. ерекше атап өтуге болады.

Айта кетерлік жайт, қараша айының соңынан бастап біздің басылымның кейіпкері ГРЭС-2 төтенше жағдайының салдарын жою бойынша жұмыстарды басқарды.

Әйелімен бірге ол үш бала тәрбиеледі: екі ұл және бір қыз. 11 немересі  бар.Ұлы  Руслан әке жолымен,  ГРЭС-2 станциясының баға маркетингі бөлімінің бастығы.

Серікбай Мұстафинұлы әріптестеріне зор денсаулық, амандық және шыдамдылық тілейді. Ал жастарға заңгерлер мен экономистерге емес, энергетиктерге баруға кеңес береді. Оның айтуынша, бұл мамандықтың  келешегі бар.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою