«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның көркемөнерпаздар ұжымы Екібастұз өңірінің ауылдарында мерекелік іс-шараларды өткізуге қатысуда.

Екібастұз ГРЭС-2 “ТВОРИ ДОБРО” шығармашылық тобы “Мақпал” МҮ өкілдерімен, қалалық ардагерлер клубының “С ПЕСНЕЙ ПО ЖИЗНИ” халық хорымен бірлесіп, Екібастұз өңірінің ауылдарында қарттар күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.
Концерттер Екібастұз ауданының Құлакөл және Ақкөл ауылдарында өтті. “Біз бос қолымызбен келген жоқпыз, концерттік бағдарлама әкелдік. Көрермендер бізді әрдайым жылы қабылдайды”,-дейді ГРЭС-2 қызметкері, “Твори добро” ұжымының қатысушысы Наталья Плахина.
Көрермендер арасында ардагерлер де болды. Ата-әжелер шын жүректен ән айтып, би биледі. “Твори добро” тобы мүшелерінің айтуынша, әрбір осындай кездесу олар үшін нағыз мереке.
Қарттар күніне арналған концерттік тур 2021 жылдың 28 қыркүйегінен 5 қазанына дейін жалғасады. Мерекелік шаралар алты ауылдық округте өтеді.
30 қыркүйек күні сағат 15-00-де Солнечный кентінің “Мақпал” МҮ-де көркемөнерпаздар ұжымдарының, “Твори ДОБРО”, “С ПЕСНЕЙ ПО ЖИЗНИ” және “Мақпал” МҮ әртістерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтеді.
“Твори добро” тобын Екібастұз ГРЭС-2 басшылығы мен “Nur Otan” партиясының “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ бастауыш партия ұйымы қолдайды.


Кенттің тазалығы энергетиктердің қолында

Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері Дүниежүзілік “Word cleanup day” акциясына орайластырылған “Бірге таза Қазақстан» іс-шарасынан тыс қалған жоқ.

Экологиялық бастаманы қолдау корпоративтік рухты нығайтуға және электр станциясы ұжымын біріктіруге тағы бір себеп болды.

Әрбір құрылымдық бөлімшеге “Солнечный” кентінің белгілі бір учаскесі бекітілді. Энергетиктер қоршауларды ретке келтіріп, аумақты қоқыстан тазарту және оны абаттандыру жұмыстарын жүргізді.


Журналистер Екібастұз Энергия кешенінің инвестициялық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты

Бүгінде Екібастұз ГРЭС-2-де белгіленген жиынтық қуаты 1000 МВт екі энергоблогы жұмыс істейді. Станцияны кеңейту бойынша жоспарлар бұрында да талқыланған, бірақ нақты жұмыстар 2019 жылғы желтоқсанда “Самұрық-Қазына” АҚ ресейлік “Интер РАО” ЖАҚ-тан станция акцияларының 50% үлесін сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін басталды.

2020 жылы  Екібастұз  ГРЭС-2  Директорлар Кеңесі №3 энергоблогын салу жобасын іске асыруды қайта бастау туралы шешім қабылдады. Оның жоспарланған қуаты – 636 МВт. 2020 жылдың шілде айынан бастап ЖСҚ түзетілуде.

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолланың айтуынша, қазіргі уақытта энергоблоктың құрылыс алаңына 11 мың тоннадан астам жабдық жеткізілген.

“2020 және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңінде жобаны іске асыру шеңберінде дайындық жұмыстарының кең спектрі – қаржылық және техникалық аудит, кредиттік міндеттемелерді қайта қаржыландыру және жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге шарт жасасу орындалды”, – деп атап өтті Дәурен Сағидолла.

Бұл жобаны аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр. “Самұрық-Энерго” АҚ өндіріс және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Серік Төтебаев атап өткендей, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысының арқасында 2023 жылы 1700-ге жуық және оны пайдалану кезеңінде 300-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

“Самұрық-Энерго” АҚ ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер Екібастұз энергия кешенінің нысандарын аралап, инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

БАҚ өкілдері “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС-да болды, онда бүгінгі күні станцияның 8 энергоблогының соңғысы қалпына келтірілуде, оның белгіленген қуаты 4000 МВт.

Сондай-ақ, журналистер “Богатырь Көмір “ЖШС жүзеге асыратын «Богатырь кешенінде көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы”жобасымен танысты. Оның мақсаты өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсарту, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру және көмір өндірудің өзіндік құнын төмендету. Жобаны 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда, содан кейін “Богатырь Көмір” ЖШС өндірістік қуаты жылына қазіргі 42 млн. тоннадан 50 млн. тоннаға дейін өседі.

“Қазақстанда электр энергиясын тұтыну өсімінің жоғары қарқынының қалыптасқан жағдайында осы жобаларды табысты іске асыру электр қуатының резервтерін құру есебінен тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін едәуір арттырады”, – деп атап өтті” Самұрық-Энерго “АҚ өндіріс  және активтерді  басқару жөніндегі Басқарушы директоры,” ЕГРЭС-2 ст. ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Серік Төтебаев сұхбатында.

Айта кетейік, “Самұрық-Энерго” АҚ – Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг, оның 100% акциясы “Самұрық-Қазына “ҰӘҚ” АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, соның ішінде “Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ, “Богатырь Көмір”  ЖШС, “Алматы электр станциялары” АҚ, “Мойнақ ГЭС” АҚ, “Шардара ГЭС” АҚ және т. б. кіреді.


«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметкерлерімен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ – да Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оның барысында акционерлердің өкілдері, тәуелсіз директорлар және станция басшылығы бірқатар маңызды мәселелерді, соның ішінде: өндірістік-қаржылық көрсеткіштердің ағымдағы мәртебесін, жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын талқылады, кәсіпорындағы еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттану жағдайы туралы есепті, тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті және т. б. тыңдады.

Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінің негізгі тармақтарының бірі- үшінші энергоблогын орнатуды қарастыратын “Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру” жобасын іске асыру барысы туралы мәселе болып табылады. Директорлар кеңесінің мүшелері жобаны іске асырудың оң динамикасын атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Директорлар кеңесі, Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлының төрағалығымен станцияның жұмысымен, оның ішінде машина цехымен, блоктық басқару қалқанымен, емдеу-профилактикалық қызметімен, сондай-ақ Солнечный кентінің әлеуметтік-мәдени объектілерімен танысты. Станцияның емдеу-профилактикалық қызметі заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталғанын және кәсіпорын аумағында ұйымдастырылған, өңірдегі ең үздік қызметтердің бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ, делегация үшінші энергоблок жобасын іске асыруға арналған құрылыс алаңына барып, жоба шеңберінде келіп түскен жабдықтарды сақтау шарттарымен танысты.

Отырыс қорытындылары бойынша, Директорлар кеңесі күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша оң шешім қабылдады. Сонымен қатар, кадрлық әлеуетті пайдалану тиімділігін және сабақтастықты жоспарлау практикасын арттыру мақсатында Екібастұз ГРЭС-2 кадрлық резервінің қызметкерлерімен Директорлар кеңесінің  кездесуі өткізілді.


Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл

2021 жылдың  2 қыркүйегінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – да Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай «Тіл –достықтың кілті»  атты онлайн режимінде іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – әр халықтың тілінде сөйлеу,өлеңдер оқу, ән салу, жаңылтпаштар айту.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп бекер айтпаса керек. Біздің іс-шарамызға қатысқан қатысушыларымыз бір емес бірнеше тіл білетіндері қуантарлық жағдай. Онлайн режимінде өтсе де қазақ, орыс, өзбек, түрік, ағылшын тілдерінде өздерін таныстырып, өлеңнен үзінді оқып, өзбек, қазақ тілдерінде ән салып, жаңылтпаштар айтып, бір-бірімізді жақын отырғандай сезіндік.


Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері “Мектепке жол” акциясына қатысты

Бес жылдан астам уақыт бойы Екібастұз ГРЭС-2 станциясы “Мектепке жол” Республикалық қайырымдылық акциясына қатысуда. Акцияның басты мақсаты – күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету.

2021 жылдың 1 тамызынан 1 қыркүйегіне дейін өткен акция аясында Солнечный кентінің мектеп оқушылары, әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға көмек көрсетілді. Цехтар мен бөлімшелердің қызметкерлері бірігіп, балалардың талап-тілектерін ескере отырып, киім-кешек, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алды. Осылайша энергетиктер әр балаға қамқорлық танытып, көңіл бөліп, мектепке бастар жолы мейлінше қуанышқа толы, бақытты болуына өз үлестерін қосты.


Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған онкүндік

Сіздерді Қазақстан халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз. Ең алдымен, бұл баршамызға ортақ жалпыхалықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілетін зор құрмет.

Осыған орай, 2021 жылдың 1 – 10 қыркүйек аралығында Қоғам бойынша Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған онкүндік өтеді. Атаулы шараға әр ұлттың өкілдеріне қатысуға болады.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары атаулы іс-шараларға қатысатын бір өкілді берулеріңізді сұраймыз.

Іс – шаралар онлайн өтеді. Бәрімізге ортақ мерекені мазмұнды, қызықты өткізу біздің қолымызда!


Конституция күніне арналған тест

Сіздерді мемлекеттік мереке – Конституция күнімен құттықтаймыз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы  нығайып, гүлдене берсін! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс, бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Сіздердің назарларыңызға Конституция туралы 25 сұрақтан тұратын тест беріліп отыр. Өздеріңіздің білімдеріңізді тексеріп  көрсеңіздер болады.

https://wordwall.net/ru/resource/20293784


Екібастұздағы ГРЭС-2 де №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары басталды

Күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені көтеруге дайындық үшін станцияда жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылды. Жөндеу кестесіне сәйкес 2021 жылғы 28 шілдесінен бастап №1 энергоблокта ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Жоспарланған жұмыстарға сәйкес,  қазандықтарды, турбоагрегаттарды, генераторларды, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Негізгі және қосалқы жабдықтардағы барлық жұмыстарды “ЭМ-Холдинг” ЖШС мердігерлік ұйымы, сондай-ақ станцияның жөндеу қызметкерлері жүзеге асырады.

«СЭГРЭС-2» АҚ №1 энергия блогына ағымдағы жөндеу жүргізу кезеңінде мердігерлік тәсілмен келесі жұмыс көлемін орындау жоспарлануда:

  • П-57р қазандығын жөндеу, қазандық агрегатының қосалқы жабдығы;
  • №1 ст. К500-240 ЛМЗ турбинаны жөндеу;
  • №1 ст. ТВВ-5002 ЕУЗ турбогенераторын жөндеу;
  • Электротехникалық жабдықтарды жөндеу (трансформаторлар, электр қозғалтқыштар).

“СЭГРЭС-2” АҚ өз күшімен келесі жұмыс көлемдерін орындайтын болады: арматураны жөндеу, регенерация жүйесін жөндеу, тарту-үрлеу механизмдерін жөндеу, турбинаның қосалқы жабдығын жөндеу, диірмен жабдығын және №1 ст. энергия блогының басқа да технологиялық тораптарын жөндеу.

Жоспарлы жөндеу жүргізу – бұл күзгі-қысқы кезеңге өтуге дайындық бойынша негізгі іс-шара. Бұл іс-шара жабдықты қалыпты пайдалануға кедергі келтіретін ақауларды жою үшін қажет. Энергия блоктарының жұмысындағы апаттық  бұзылуларды болдырмау және жоспарлы жөндеуді уақытылы әрі сапалы орындау үшін қажет.

Жыл басынан бері “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ 4,39 млрд кВт/сағаттан астам электр энергиясын өндірді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою