Екібастұз ГРЭС-2 станциясы штаттық режимде жұмыс істейді

Самұрық-Энерго қазақстандық электр энергетикалық холдингінің Екібастұз ГРЭС-2 станциясы штаттық режимде жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жүктемесі 920 МВт болатын 2 блоктық режимде жұмыс істеп тұр. Станцияда лөмір мен мазуттың қажеті резервтері жеткілікті.

Павлодар облысында ТЖ енгізілуіне байланысты «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасы Сағидолла Д. төрағалығымен жедел штаб құрылды.

Станция нысандарын қорғау режимін күшейтуге, сондай-ақ энергия жабдықтарының сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Өндірістік персоналдың, қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының, автошаруашылықтың, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау басқармасының, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары цехының және ақпараттық технологиялар бөлімінің кезекшілік кестелері әзірленді.

Станцияның жұмыс режимі белгіленген жүктемелерге сәйкес жүргізілуде, тұтынушының шектеулері жоқ.


✨Жаңа жылдарыңызбен!!!

Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйласын. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін. Құттықтаймыз!


Жақсылықты бірге жасайық

Солнечный кентінің әлеуметтік осал санаттағы 64 балақай тәтті жаңа жылдық сыйлықтар алды. Жаңа жылдық сиқыршылар рөлінде құрылымдық бөлімшелердің бастықтары және ГРЭС-2 басшылығы болды.

Сыйлықтарды табыстауды Станцияның жастар активі ұйымдастырды. Белсенділер қандай эмоцияларды бастан кешіргенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, суреттердің өзіне қараңыздаршы.

Адамдардың ең абзалы – жақсылық жасағандары.✨


Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Аяз атасы мен Ақшақары жаңа жылдық сыйлықтар табыстады

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Аяз атасы мен Ақшақары Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолланың бастамасымен Солнечный кентінің жалғыз тұратын зейнеткерлеріне жаңа жылдық сыйлықтар табыстай отырып, өздерінің мерекелік саяхатын аяқтады.

Жыл сайынғы қарт адамдарға, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жандарға назар аудару дәстүрі үзілген жоқ.

– Жаңа жыл – балалар ғана емес, ересектер де асыға күтетін сиқыр мерекесі. Біз жыл сайын осы сиқырдың туындысына қатысқанымызға өте қуаныштымыз, – дейді Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолла.

Баршаңызға өмірде көп ғажайыптар тілейміз!✨


«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ “Nur Otan” партиясы бастауыш партия ұйымының “Твори добро” бастамашыл тобы желтоқсан айының қорытындысын шығарды.

Ұжым Екібастұз өңірінің мерекелік іс-шараларын өткізуге белсене қатысқан болатын.
Бірнеше жыл бойы “Твори добро” бастамашыл тобы барлық мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек және жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
“Твори добро” тобы мерекелік нөмірлерді таңдауға аса көп көңіл бөлетінің атап өткен жөн, себебі мерекелік концерт-бұл өз сезімдерін, эмоцияларын және көңіл-күйін білдіру тәсілі, оны олар басқалармен қуана-қуана бөліседі.
Топ мүшелерінің айтуынша, әрбір осындай кездесу олар үшін нағыз мереке.
“Твори добро” ұжымы барлығын келе жатқан Жаңа Жылмен және Рождествомен құттықтайды, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді. Келесі жыл жемісті және табысты болсын!


Екібастұз ГРЭС-2 станциясы электр энергиясын өндіруде рекорд орнатты.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында электр энергиясын өндірудің рекордтық көлемі тіркелді.
2021 жылғы 27 желтоқсанда өндіру көлемі 6,324 млрд. кВтсағ. құрады, бұл электр станциясының жұмыс істеу кезіндегі абсолюттік рекорд болып табылады. Осыған дейін 6,280 млрд. кВтс. мөлшеріндегі ең жоғары көрсеткіш 2013 жылы тіркелген болатын.
Осы Екібастұз ГРЭС нысандары құрамына енетін «Самұрық-Энерго» АҚ-да атап өткендей, аталған электр станциялары қызметінің құрылған күнінен бастағандағы барлық кезеңіне шолу жасағанда, нақ ағымдағы жылы барынша көп өнім өндіруге қол жеткізді. Қазақстанның ірі электр энергетикалық холдингінің электр станциялары бұрын-соңды мұндай өндіріс көрсеткіштеріне қол жеткізбеген болатын. Мамандардың айтуынша, рекордтық көрсеткіштерге Жамбыл ГРЭС-і мен Ақтөбе ЖЭО-ның қатысуынсыз қол жеткізілді, олар 2015 және 2018 жылдары холдинг құрамынан шығарылып, бәсекелес ортаға берілген болатын.
Тұтастай алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктерінің болжамы бойынша компанияның барлық өндіруші станциялары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылдың соңына қарай 35 525 млрд.кВтс жетіп, 111% – ды құрамақ.


ДЕНЬ ЭНЕРГЕТИКА на Экибастузской ГРЭС-2

21 декабря, в честь празднования Дня Энергетика, на Экибастузской ГРЭС-2 состоялась торжественная церемония награждения сотрудников.
Председатель Правления Даурен Сагидулла в своем поздравлении отметил:
– Хочу поблагодарить коллег за ответственность в выполнении производственных задач и взаимовыручку. Желаю безаварийной работы, нескончаемой жизненной энергии, крепкого здоровья и благополучия! Пусть в Ваших семьях всегда царит тепло и свет, а профессиональная деятельность приносит заслуженный успех!
С пожелания добра и благополучия выступили Председатель Профсоюзного комитета станции Сауле Галеева и члены Правления ГРЭС-2.
На корпоративном мероприятии 152 работника станции были отмечены нагрудными знаками, почетными грамотами и благодарственными письмами.
К своему профессиональному празднику АО СЭГРЭС-2 обеспечила досрочное выполнение своих обязательств. Так, по состоянию на 23 декабря при годовом плане 5,818 млрд. кВтч выработка составила 6,27 млрд. кВтч.


Құрметті Энергетиктер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетик күнімен құттықтаймыз.
Үздіксіз даму, жобаларды сәтті жүзеге асыруды және барша энергия жүйесінің сенімді жұмысын тілейміз! Сіздердің жаныңыз бен жүрегіңіздің энергиясы ешқашан таусылмасын, еңбегіңіз жоғары бағалансын!


Құрметті әріптестер, энергетиктер!

Сіздерді кәсіби мереке – Энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жылу және электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға өткізуді қамтитын саланың барлық қызметкерлері үшін салтанатты күн.
Қазіргі заманғы энергетика әлемдік экономикалық прогрестің маңызды қозғаушы күші болып табылады және миллиардтаған адамдардың әл-ауқаты оның жағдайына тікелей байланысты.
Екібастұз өңірінде осы саланы құрған және дамытқан ардагерлерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен тәжірибелеріңіз жас ұрпаққа қашанда үлгі. Жас энергетиктер бұл дәстүрді лайықты жалғастырады деп сенемін.
Энергетика саласында ондаған мың маман жұмыс істейді. Олардың қызметі абыройлы, әрі елге сыйлы. Себебі, мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы жоғары. Энергетиктер – адамдарға жарық пен жылу сыйлайды. Сіздер Қазақстан экономикасының дамуына қомақты үлес қосып келесіздер.
Өтіп бара жатқан жылды қорытындылайтын болсақ,көп жұмыс атқардық. Ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында біздің желілерге жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген үшінші энерго блокты салу жоспарлануда. Компания мамандарының жоғары кәсібилігі мен күш-жігерінің арқасында энергетикалық тиімділікті арттыру, шығындарды азайту, инновациялық технологияларды енгізу бойынша міндеттер сәтті орындалды. Осының барлығы біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.
2022 жылы Станция алдындағы негізгі міндет – халықты сапалы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, өзгеріссіз қалады.
Өндірістік міндеттерді орындау және өзара көмек көрсету жауапкершілігі үшін әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді. Мерекемен құттықтай отырып, апатсыз жұмыс, сарқылмайтын өмірлік қуат, зор денсаулық тілеймін! Сіздердің отбасыларыңызда әрдайым жылу мен жарық болсын, ал кәсіби қызмет лайықты табысқа жетелесін!

Ізгі ниетпен, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ның Басқарма торағасы Дәурен Сағидолла


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою